ИСЕНОВ МАШРАБ ИСЕНҰЛЫ


1920 жылы Қарағанды облысында туған. Кешкі комсомол мектебінің оныншы сыныбын аяқтап, Машраб Исенұлы тау – кен шеберінің курсына түседі, «Кировкөмір» тресінің 12- шахтасында слесарь болып жұмыс істейді.
Ол соғыста Сталинград түбінде болған. Машраб Исенұлы Сталинград түбінде және Курск доғасында аңызға айналған шайқастың қатысушысы болады.
Осы шайқаста ол екі рет ауыр жарақат алады. Сталинград түбінде оқтың жарқыншағы оның сол аяғының жіліншігін тесіп өтеді. Кейін госпитальда емделгеннен кейін ол 270-дивизяның атқыштар батальонының біріне саяси жетекші – комбат лауазымын атқаруға жиналады. Бір күні ол егде әйелдің картоп салып жатқанын және оған көмектесетін ешкімнің жоғын көреді. Аға лейтенант Исенов қасына екі сарбазды ертіп күн батқанша картопты салып шығады.
Қарт әйел қатты ризашылығын білдіріп: «Өз ұлдарымды көргендей болдым» - дейді. Ал таңертең Машраб майданға аттанып кетеді.

Кейін Курск шайқасында кеудесінен ауыр жарақат алады. Госпитальға оны сол егде жастағы әйел іздеп келеді. Осы кездесу үшін , Машрабты ана болып қолдау, оны үйдің тамағымен тамақтандыру үшін ол жаяу 100 киллометрді еңсерген. Жылдар өткен соң , Машраб Исенович осы кездейсоқ оқиғаны соғыс кезіндегі ең жарқын сәт болып еске алады.

Курскінің түбінде жараланғаннан кейін Машраб Исенов әрі қарай әскери қызметке жарамсыз деп танылады. Әскери қызметтен босатылады. 1944 жылы үйіне қайтады.Жараларының зардабына қарамастан, кенші кәсібіне қайта оралады. 1956 жылы «Саран» кенінің саяси ұйымдастырушысы болып тағайындалды және осы жылы Саранға көшіп келді.

Исенов Машраб Исенұлы «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Сталинградты қорғағаны үшін» Курск доғасындағы шайқасқа қатысқаны үшін» медальдарымен ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталған.