«Архив және болашақ ұрпақ»

 

«Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ ұйымдастырған ашық есік күні өтті.

 

Іс-шара барысында:

 

«Архив – болашаққа аманат» тақырыбында баяндама жасалды;

оқушылар мен студенттерге архивте сақталған жеке тектік қорлар бойынша фотосуреттер көрмесі таныстырылды;

қаланың Құрметті азаматтары мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құжаттарын архивке өткізу тәртібі түсіндірілді;

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған «Архивтер сөйлейді» бейнеролигі көрсетілді;

жеке тектік қорда сақталған Ашимов Жанат Ашимовичтің өмірі мен еңбек жолына арналған бейнеролик ұсынылды.

? Архив – өткен тарихты сақтап қана қоймай, оны келешек ұрпаққа жеткізетін рухани құндылықтардың алтын қоры.