Бекітемін
«Саран қаласының мемлекеттік архиві»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
басшысы А.Кулжанбеков_____________
2025 жылғы «_____»__________________
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
«Саран қаласының мемлекеттік архиві»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2026 жылға арналған
ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ
2026 жылы «Саран қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конститутциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін және Қазақстан Республикасының Заңдары: «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы
22 желтоқсандағы №326-І Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұйрықтары: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану» қағидасы 2024 жылғы 23 шілде айында №329-нқ бойынша өзгерістерімен, 2023 жылғы 09 тамыздағы № 215 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану» туралы қағидасы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің 2025 жылғы 17 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығымен бекітілген «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі», Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік архив мекемелерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы №177 бұйрығымен бекітілген 2024 жылғы 11 қазан өзгерістерімен №477-н-қ, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің 2024 жылғы 15 мамыр №190-н/қ бұйрығымен бекітілген «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі», Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығымен бекітілген «Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету» қағидаларын бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 15 маусымдағы №165 бұйрығымен бекітіліп 2022 жылғы 22 сәуірдегі жаңартылған «Мемлекеттік архивтердегі еңбек қауыпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бекіту туралы қағидасы, 2019 жылғы 28 қаңтардағы №18 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы қағидасы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №411 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу » қағидаларын бекіту туралы, Қарағанды облысының мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының бұйрықтарын, жоспарларын басшылыққа ала отырып іске асырады.
Мемлекеттік архивінің қызметі, құжаттардың тиімді табиғи жағдайын қамтамасыз ететін, қолайлы сақтау жағдайын сақтауға, еңбек қорғауының, қауіпсіздік техникасының және өндірістік тазалықтың талаптарын, сонымен қатар қорғау және өртке қарсы тәртібінің әрекеттегі нормативтерін сақтауға бағытталып отыр.
1.Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету
Архив қоймасында Электр және жылумен қамту жүйесі, су құбырлары, өрт сөндіру мен күзет қауіпсіздігі, оның объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын арттыру бойынша жұмыстар жүргізу бақыланады. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мақсатында, жоспарланған іс - шаралар жүргізіледі: Өрт сөндіру құралдарын қайта зарядтау, олардың заряд салмағын тексеру, тоқсан сайын нұсқаулықтар өткізіліп, архив ғимараттарындағы электр жабдықтарды сақтандыру сынақтан өткізу, мемлекеттік өртсөндіру бақылау органымен жасалған ескертулер жойылады.
Мекемеде 2026 жылы құжаттардың физикалық жай – күйін жақсарту мақсатында:
Қағаз негізіндегі №93 қор бойынша сақтауда тұрған КСРО-ның «50 жылдығы атындағы Шахтаның» жеке құрам бойынша 384 сақтау бірліктері мемлекеттік сақтауға қабылданғаннан кейін, сондай - ақ, пайдалану үстінде 212-289 байламдары (связка) бойынша, №1008-1392 іске дейін, 197 сақтау бірлігі (тым ескіргендіктен) мұқабалары дайындалып, түптеліп, тігіліп, 20068 парақтарына қайта қалпына келтіру (реставрация) жұмыстары жүргізіледі.
2026 жылы архив қоймаларында сақтауда тұрған құжаттарында әр - тоқсан сайын шаңнан арылту жұмыстары жүргізу ұйымдастырылады.
№37 қор бойынша сақтауда тұрған «Саран қалалық атқарушы комитеті қаржы бөлімі» 1941-1999 жылдар аралығындағы тұрақты сақталатын 987 сақтау бірлігі 2 тоқсанда шаңнан тазартылады.
№ 30 қор бойынша сақтауда түрған «Саран қалалық телекоммуникация желісі» 1956-1993 жылдар аралығындағы жеке құрам бойынша 319 сақтау бірлігі
3 тоқсанда шаң тозаңнан тазартылады.
Құжаттарды қораптау бойынша:
1)№ 64 қор бойынша Саран қаласының бас сәулет басқармасы барлығы 309 сақтау бірлігі (арнайы шығарылған қорап) 100 фоксфайлдармен қамтамасыз етіледі. 100 қорап шифрленеді, бирка жасалып, жапсырма белгілері жапсырылады және қораптағы істерді рет – ретімен стеллаждарға орналастыру жұмыстары жүргізілу жоспарлануда.
Оның ішінде:
1) №1 тізімдемесі бойынша 1958-1999 жылдар аралығындағы 1-309 істің 1-52 байламдары бойынша 309 сақтау бірлігі;
2026 жылы, сөніп бара жатқан мәтіндерді қалыптастыру жұмысы жалғасады. Жеке құрам бойынша сақталынған №91 қор бойынша 1198-1340 істері бойынша 247-276 байламға дейін 142 сақтау бірлігінің сөніп бара жатқан мәтіндерінің 30 бетін қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр.
Мемлекеттік архиві қағаз жүзіндегі аса құнды құжаттарды анықтау мақсатында № 24 қор бойынша Саран халық депутаттары кеңесі және атқару комитетінің басқарушылық құжаттарынан 480 сақтау бірлігі қаралу жоспарлануда. Анықталған аса құнды істер табылған жағдайда сипатталатын болады.
1.8. 2026 жылғы пайдалануда болған құжаттардың бар болуы мен жай - күйлерін тексеру жұмыстары әр тоқсан сайын жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде:
№ Қағаз жүзінде 3 қор бойынша сақтауда тұрған «Саран қаллаық сату бөлімі» 1955-1987 жылдар аралығындағы жеке құрам бойынша сақталатын 565 сақтау бірілігінің мұқабаларын дайындау және тігу жұмыстарына сәйкес, құжаттардың бар болуы мен жай – күйлерін тексеру жұмыстары жүргізілмек.
1.8.2. Мемлекеттік архив бар болу мен істердің жай - күйлерін тексеру барысында айқындалған биологиялық зиянкестерлерімен зақымдалған құжаттарға дезинфекция жұмысын жүргізуді жоспарлап отыр.
2.Қазақстан Республикасының архив қорын қалыптастыру.
2.1. Мекемеде Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын толықтыру көзі - және әлеуетті көзі болып табылатын ұйымдар тізім бойынша мекемелердің құжаттарын қабылдау жұмыстары жоспарлануда.
2.1.3. Ведомствалық жеке архивке сақтауға ғимарат болмағандықтан № 179 қор бойынша мемлекеттік архивте сақтауда тұрған "Ақтас кентінің әкімшілігі " ММ -нің 2009-2019 жылдар аралығындағы -тұрақты сақталатын - 104 сақтау бірлігі өңделген түрде қабылданады.
2.1.7. 2025 жылы – 10 сақтау бірлігі бойынша фотоқұжаттары қабылданады.
2.1.9. 2025 жылы – 1 сақтау есебі бойынша бейнеқұжаттар қабылданады.
2.1.10. «Ақтас кентінің әкімшілігі» ММ -нің 2005-2015 жылдар аралығындағы -жеке құрам бойынша сақталатын - 78 сақтау бірлігі өңделген түрде қабылданады. Мемлекеттік архивтен № 179 қор берілген.
2.2. Жеке текті құжаттардың иелерімен байланыс орнату бойынша, мемлекеттік, саяси, қоғам, мемлекеттік қайраткерлерінің өмірі мен қызметі нәтижесінде құнды болып анықталған жеке текті құжаттарды мемлекеттік сақтауға беру туралы келіссөздер жүргізу жұмыстары жалғасын табады.
2.3. Ведомствалық сақтауда тұрған құжаттардың құндылығын сараптау мақсатымен 2025 жылдың 2,3 тоқсанында Қарағанды облыстық мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының сараптау тексеру комиссиясының қарауына жіберіліп бекітілетін тізімдемелер:
2.3.3. «Саран қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1987-2012 жылдар аралығындағы басқармалық құжаттарының 46 сақтау бірлігінің тізімдемелері дайындалады және СТК комиссиясының қарауына 3 – ші тоқсанда жіберіледі.
2.3.4. Фото қор тізімдемесі дайындалып, СТК комиссиясының қарауына 2 тоқсанда жіберіледі.
2.3.7. Бейнеқор құжаттарының тізімдемелері дайындалады және СТК комиссиясының қарауына 2 тоқсанда жіберіледі.
2.3.9. «Саран қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1987-2012 жылдар аралығындағы 20 сақтау бірлігінің жеке құрам бойынша құжаттарының тізімдемелері дайындалады және СТК комиссиясының қарауына 3 – ші тоқсанда жіберіледі.
2.3.10. «Саран санитарлық эпидемиологиялық станциясы» 2003-2020 жылдар аралығындағы тұрақты сақталатын құжаттарының 97 сақтау бірлігі тізімдемелері дайындалады және СТК комиссиясының қарауына 1-ші тоқсанда жіберіледі.
2.3.11. «Саран санитарлық эпидемиологиялық станциясы» 2003-2020 жылдар аралығындағы жеке құрам бойынша сақталатын құжаттарының 29 сақтау бірлігі тізімдемелері дайындалады және СТК комиссиясының қарауына 1-ші тоқсанда жіберіледі.
2.3.12. «Саран қаласының мемлекеттік архивінің» 2020-2025 жылдар аралығындағы жеке құрам және тұрақты сақталатын құжаттардың тізімдемелері дайындалады және СТК комиссиясының қарауына 3 – ші тоқсанда жіберіледі.
2.4.Ведомстволық архивтерге және мекемелердің , ұйымдар мен кәсіпорындардың іс жүргізуіндегі құжаттарды ұйымдастыруға, ұйымдастырушылық - әдістемелік басшылық жасау
Саран қаласының мемлекеттік архивінің жинақтаудың көздері мен әлеуетті жинақтау көздері болып табылатын және мекемелердің, ұйымдардың жиынтық тізімі, яғни, олардың атауындағы барлық өзгерістері болса, қайта құрылуы, таратылуына байланысты өзгерістерді есепке ала отырып мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың тізімдерін құру бойынша негізгі жұмыстар жүргізілетін болады. Өзгертілген ұйымдардың тізімі жаңартылады.
Ведомстволық архив қызметкерлеріне, құжаттау ережелерін, ведомстволық архивтер туралы ережелерін, орталық-сараптау комиссияларын (ОСК), сараптау комиссияларын (СК), ұйымдық-жарлық құжаттарының бланктерін, істер номенклатурасын құрастыруына, соның ішінде іс жүргізуді көмек көрсетіледі. Ведомстволық архив қызметкерлеріне сондай-ақ, тұрақты, ұзақ мерзімдегі сақтаудағы істер тізімдемелерін және жеке құрамы бойынша істерді дайындауда, жоюға бөлінген құжаттар туралы акттерді құруда әдістемелік және тәжірибелік көмек берілмек, сондай-ақ, ұйымдарға шығумен.
Ведомствалық архивтерге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану» қағидасы бойынша және істер номенклатурасын дұрыс қалыптастыру, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша 7 семинар өткізу жоспарланып отыр.
Құжаттарға ақпараттық іздестіру жүйесін құру.
Каталогтандыру:
№3 қор бойынша «Саран қалалық сауда басқармасы Қарағанды облыстық
атқару комитеті» 1964 – 1994 жылдардағы - 658 сақ.бір. каталогтандырылуға
дайындалып, 200- карточка санын жасауға жоспарлануда.
- Ақпараттық қызмет көрсету және құжаттарды пайдалану
Ақпараттық іс – шаралар өткізу.
2025 жылы жылы құжаттарды пайдалану саласындағы жұмыс атаулы күндер мен оқиғаларға арналмақ 1 - фотоқұжаттық көрме, 2-кездесу, 9 - семинар, 12-дөңгелек үстел, 2-оқу, 2-экскурсия, 3-мақалалар жазу,
1- архивтің қорлары бойынша анықтамалық жолкөрсеткіш дайындау. Басқа ақпараттар бойынша: 2 -ашық есік күні, нұсқаулық т.б. өткізу жоспарланып отыр.
Архивтік анықтамалар, құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» үшін сапалы және уақтылы мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында көрсетілетін қызметті алушылармен ақпараттық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу, бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялау, брошюра, ашық есік күні Саран қаласының Халыққа қызмет көрсету бөлімінің операторларымен семинар өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, 2026 жылы 2500 сұрау салуды қабылдау жоспарлануда.
«Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ-нің (http://arhivsaran.kz) ресми сайтын дамыту және жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, бірегей, тиімді және қызықты ақпараттармен толтырылады, қажеттілігінше жаңа бөлімдер құрылады. Мемлекеттік архивтің сайты үнемі жаңалықтармен,мақалалармен, фотосүреттермен толықтырылуы жоспарда. Архив сайтының парақшаларына кірушілер көрсеткіштерінің жылдық мөлшерлерін көрсету жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ Facebook және archive_saran Instagram әлеуметтік желілерде тұрақты түрде ақпарат жаңарту жұмыстары жүргізіледі.
2026 жылы архив қоймасынан пайдаланушыларға құжаттар беріледі.
2026 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шегінде, архив қоймасындағы 400 құжатты сканерлеу бойынша іске қосу жұмыстары жүргізіледі.
4.2. Кадрлардың біліктілігін жоғарлату. Ұжымның әлеуметтік дамуы.
2026 жылы еңбекті тиімді ұйымдастыру үшін жағдай жасау жұмысы жалғастырылады. Мемлекеттік архивінің басшы жанындағы жиналыстарында архив жұмысының жоспарын орындау қарқыны, атқару және еңбек тәртібінің сақталуы, жұмыс барысында туындаған өзекті және күрделі сұрақтар қарастырылады.
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын тыңдап талқыланады. Мемлекеттiк архив ұжымында құжаттамаларды және архивті басқару комитетiнiң, ҚР Үкiметiнiң нормативтi-құқықтық актiлерiн, ҚР Заңдарын оқытуды қамтамасыз ету, жалпы құқықтық оқытуды ұйымдастырады.
Саран қаласының архив қызметкерлеріне атестаттау жалғастырылады.
Архив қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарына қатысу, ішкі талдау және бақылау жұмытарын жүйелеу, қызметтік этика және мемлекеттік қызмет стандарттарын сақтау, еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша оқулар жүргізіледі.
Жоспарланған жылы компьютерлерге және ұйымдастырушы техникасына ұдайы қызмет көрсету мен жөндеу, қажетті драйверлер орнату жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар, архивтің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жаңа компьютер және принтер сатып алу көзделеді. Бұл шара құжаттарды цифрландыру және электрондық іс жүргізу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Архив қызметкерлері мәдениет, спорт және мерекелік шараларға соның ішінде «Архивтер күні», «Жаңа жыл», «Халықаралық әйелдер күні», «Наурыз мейрамы», ҚР «Республика күні», «Мемлекеттік рәміздер күні», «Конституция күні»,
«ҚР Тәуелсіздік күні» т.б. белсене қатысады.
Архив құжаттарын пайдалану саласындағы жұмыс мерейтойлық күндерімен тығыз байланысты.
Кәсіби деңгейін арттыру, архив ісін дамытудағы озық тәжірибемен танысу үшін "Қазақстан архивтері" журналдарына жазылу, сонымен қатар, республикалық, облыстық, жергілікті газеттер мен журналдарға жазылу ұйымдастырылады.
Қорытынды ереже
Бұл жоспар 2026 жыл бойы жүзеге асырылып, тоқсан сайын орындалу барысы бойынша есеп жасалады. Саран қаласының мемлекеттік архиві өз қызметін қоғамның сенімін, ақтай отырып, замануи, ашық және тиімді болуға ұмтылады.
5.Архивтің материалдық - техникалық базасы.
2026 жылға арналған жоспарға сәйкес, «Саран қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 68 905 000 теңге (алпыс сегіз миллион тоғыз жүз бес мың ) теңге қаржы бөліну жоспарлануда, сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіледі. Бюджеттік қаржы қаражатын игеру бойынша жұмыстар бақылауға алынады. Қаланың коммуналдық қызметтерімен келісім-шарттар жасалады.
Е-кадр жүйесіне 1 -2 тоқсанда қаржы қарастырылып іске қосу жоспарлануда.
Келісілді
Қарағанды облысының Мәдениет
архивтер және құжаттамалар
басқармасының архив ісінің жетекшісі
Ж.М.Касимбекова
_____________________________
2025 ж _____________ «________»






