ТОКУШЕВА  (ӨТЕБАЕВА)   ЖҰМАБИКЕ МҰХАМЕТЖАРҚЫЗЫ  

1954  жылы  19  наурыз  айында  Омск облысы, Любинск  ауданы, Дорого –нацмен ауылында туған. Ұлты – қазақ. 

1970  жылы Екібастұздағы тау-кен құрылыс техникумына түсіп, «Өндіріс және  әлеуметтік  құрылыс»  мамандығы  бойынша  «құрылыс -технигі»  біліктілігі  бойынша  орташа білімді бітірген. Токушева  Жұмабике   еңбек  жолын  1974  жылы  08 мамыр айында  "Қарағандыкөмір"Көмір өндіру жөніндегі Қарағанды өндірістік бірлестігіне   техник –қамқоршы  болып  жұмысқа  қабылданған. 1974  жылы  01 қазан  айында  қорғаушы – инженер болып жұмысқа ауыстырылған. 1977  жылы  01  желтоқсан  айында  №8  тұрғын үй пайдалану  орталығна  басшы болып тағайындалған.

1996  жылы  01 қазан айында  «Саят» пәтер иелерінің тұтыну кооперативінің  төрағасы  болып  тағайындалған. 2012 жылы зейнеткерлікке шыққанына қарамастан, осы күнге дейін жұмыс істейді. Коммуналдық  шаруашылықтағы  жалпы  жұмыс  өтілі  50 жыл. 2021  жылы  02  желтоқсан айында  Қазақстан  Республикасының  Президентінің «Қазақстан  Тәуелсіздік»  медальімен  наградталған. 2022 жылдан бастап  2024  жылға  дейін  Саран  қаласының  қоғамдық  мүшесі  болып   сайланған.  Саран  қалалық  ардагерлер кеңесінің  төрайымы  болып 2025 жылғы    31  желтоқсан айына дейін сайланған.

Саран  қалалық  Мәслихатының  2023  жылғы  28  қыркүйектегі  №64  шешімімен   Саран  қаласының  «Құрметті  азаматы»  атағы  берілген.