
2026 жылғы 25 тамызда Қарағанды облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың Саран қаласындағы бөлімінде қызметкерлерге «Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін және архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы келіп түсетін өтініштерді толтыру бойынша практикалық көмек көрсетілді. Сондай-ақ өтініштерді толтыру кезінде жиі кездесетін қателер қарастырылды.
Атап айтқанда, еңбек кітапшасы болған жағдайда оны міндетті түрде сканерлеу қажеттілігі түсіндірілді.Теріс нәтижелердің санын азайту мақсатында архивте сақтауда тұрған ұйымдар бойынша қорлар тізімімен жұмыс жүргізілді. Қызметкерлерге тиісті ұйымдардың архивте сақталатын қорлары туралы ақпарат беріліп, өтініштерді дұрыс рәсімдеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.







