2025 жылдың 12 наурызында Саран қаласының мемлекеттік архивінде «Құжаттарды өңдеу жекелеген (ведомстволық) архивтерді қалыптастыру» жөнінде оқу сабақ өткізілді. Сонымен қатар, құжаттарды уақытылы өңдеу мен сақталуына және ведомстволық архивке құжаттарды тапсыруға қатысты бір қатар маңызды мәселелер талқыланды. Семинар сабақты архив басшысы А.Кулжанбеков ашты. Бөлім басшысы О.С.Алексеева мен архив қоймасының меңгерушісі З.А.Советова қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар берді. Білім бөліміне қарасты 10 жауапты маман қатысты.
«Құжаттарды өңдеу жекелеген (ведомстволық) архивтерді қалыптастыру»
- Просмотров: 53