
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті мен Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Архив ісі және құжаттаманы басқару» тақырыбында екі күндік өңірлік семинар өтті. Семинарды «Архив саласындағы мемлекеттік саясат және бақылау басқармасының» басшысы Тащанова Салтанат Нұртасқызы жүргізді.
Іс-шараға Қостанай, Павлодар, Ұлытау және Абай облыстарының архив саласындағы басшылары мен мамандары, сондай-ақ «Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ-нің басшысы мен қызметкерлері және жинақтау көздері болып табылатын ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жиын барысында архив саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер, құжаттарды сақтау мерзімдерін айқындау және «Е-Архив» ақпараттық жүйесінің жаңа функционалдық мүмкіндіктері талқыланды. Семинардың екінші күнінде қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, тиісті түсіндірмелер берілді.







