2025 жылғы 23 қыркүйекте Саран қаласының мемлекеттік архивінде қалалық мәслихаттың төрағасы Ө.Баймағанбетов пен «AMANAT» партиясы қалалық филиалының төрағасы Н.Тажибаева Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына байланысты кездесу өткізді. Кездесу барысында Жолдауда көрсетілген бастамаларды жергілікті деңгейде жүзеге асыру жолдары, сондай-ақ жасанды интеллектті дамыту және цифрландыру үдерістерін ілгерілету мәселелері талқыланды.