

«Саран қаласының мемлекеттік архиві» басшысы А. Кулжанбеков, «Қарағанды облысы мемлекеттік архиві» басшысы Е. М. Нельдыбаев және «Қарағанды қаласының мемлекеттік архиві» басшысы М. Кенжебергенов 2025 жылғы 17–19 қыркүйек аралығында Астана қаласының архивінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «ARCHIVEFEST2025» форумына қатысты.
Форум аясында архив ісін дамытудағы өзекті мәселелер талқыланып, тәжірибе алмасу мен жаңа бастамаларды жүзеге асырудың маңыздылығы айтылды.






